2020 жылы Тараз сервис және технология колледжі тәуелсіз аккредиттеуден сәтті өтіп, 2020 жылдың 25 мамырында АТҚО аккредиттеу комиссиясының шешімімен Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткені туралы куәлік берілді.

 

Атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша Аккредиттеу Кеңесі колледжді 5 жыл мерзімге аккредиттеу туралы шешім шығарды.Колледж үшін аккредитациядан өту - білім беру саласындағы жаңа сатыға көтерілуді білдіреді. Бұл педагогикалық ұжым үшін жаңа деңгейде сапалы мамандар даярлауда аса құнды мотивация болып табылады. Сонымен қатар, жұмыс берушілерді де білім беру процесіне тартуға үлкен мүмкіндік береді.